Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Атырауда студент қызды қатарласы аяусыз ұрып-соққан

Атырау қаласында колледж студенттері арасында төбелес болды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Атырауда студент қызды қатарласы аяусыз ұрып-соққан
Фото: istockphoto.com

Желіде тараған видеодан бір қыздың екіншісін жерге жатқызып қойып, ұрып жатқанын көруге болады.

Ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

"Барлық қатысушы профилактикалық есепке қойылады, іс материалдары Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданады. Кәмелетке толмаған баланың тәрбиесі бойынша міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деп жазылған хабарламада.

Құқық бұзушылықты видеоға түсіріп, оны таратқан, бірақ полицияға хабар бермеген жасөспірімге де құқықтық баға беріледі.