Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Түркістан облысында ер адам қарияны балтамен ұрып өлтірді

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында ауыр қылмыс болды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Түркістан облысында ер адам қарияны балтамен ұрып өлтірді
Фото: istockphoto.com

39 жастағы шетелдік азамат тұрмыстық жанжалдан кейін 75 жастағы қарияға балтамен шабуыл жасаған. Соққы жасауға зейнеткердің су беруден бас тартуы түрткі болған.

Ер адам қарияны балтамен ұріп өлтіріп алғаннан кейін полицияға өзі хабарласқан.

Сот-медициналық сараптама оның ақыл-есі дұрыс емес екенін анықтап, бас бостандығынан айырудың орнына мамандандырылған психиатриялық клиникаға емделуге жіберді. 

Алайда жәбірленушінің туыстары сот шешімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген. Жақын арада іс қайта қаралады.