"Павлодар - Қызылорда" тас жолында жол апатынан 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
23 қыркүйекте "Павлодар–Қызылорда" автожолының Байет ауылынан 5 шақырым жерде "Toyota Lucida" автокөлігі "Sitrak" жүк көлігімен соқтығысқан.
"Жеңіл көліктің жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамаған. Жол апаты салдарынан Toyota автокөлігі өртенді. Оқиға орнында көлік жүргізушісі мен 4 жолаушы қайтыс болды", - дейді ведомстводағылар.
Полиция қылмыстық іс қозғады.