Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматыда бұрынғы әйелін соққыға жыққан ер адам ұсталды

Алматы бұрынғы әйелін соққыға жыққан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаменті.

Алматыда бұрынғы әйелін соққыға жыққан ер адам ұсталды
Фото: istockphoto.com

Полицияның мәліметінше, 28 тамызда Жетісу аудандық полиция басқармасына қала тұрғынының дене жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Аталған дерек бойынша 36 жастағы ер адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Алматы қаласының полициясы азаматтарға қатысты кез келген құқықбұзушылық дерегі бойынша қағидатты ұстанымда. Барлық материал объективті түрде қаралып, тергеу аяқталғаннан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң шаралар қабылданатын болады", - делінген хабарламада. 

Айта кетелік, бұған дейін әлеуметтік желіде беті қан-жоса болған әйелдің видеосы тараған еді. Видео жазбасында алматылық тұрғын бұрынғы күйеуі соққыға жығып, жарымжан қылғаны, оқиғадан бері үш апта өтсе де, құзырлы орган өкілдері ешқандай шара қабылдамай жатқанын айтқан болатын.