Алматыда ер адам отбасылық жанжал кезінде жұбайын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Алдымен оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Кейіннен деректі Алматы полиция департаменті растады.
Қайғылы оқиға Думан ықшамауданында болған. 40 жастағы ер адам 38 жастағы әйелін пышақтап өлтіріп, кейін Алматы облысындағы туыстарына барған соң өз-өзіне қол жұмсаған. Алматыдағы пәтерде әйелдің мәйітін оның туысы тауып алған.
Кісі өлтіру фактісі бойынша Медеу аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қылмыс отбасылық жанжал салдарынан болған. Ер адам әйелімен жанжалдасып, оған пышақ жарақатын салған. Кейін өзіне қол жұмсаған, – деді полицияда. Қазір оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр.