Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Шымкенттік блогер кәсіпкерді бопсалау кезінде ұсталды

Түркістан облысында жергілікті кәсіпкерді бопсалаған шымкенттік блогер ұсталды. Бұл туралы Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкенттік блогер кәсіпкерді бопсалау кезінде ұсталды
Фото: istockphoto.com

ПД мәліметінше, күдікті әлеуметтік желіде кәсіпкер туралы беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді жариялаймын деп қорқытып, одан ақша талап еткен.

Алдымен ол 2 мың АҚШ долларын алған. Кейін тағы 4 млн теңге сұраған. Екінші соманы алу кезінде, яғни 6 мың 900 АҚШ долларын пара ретінде қабылдап жатқан сәтінде, блогер Сайрам ауданындағы кафеде қолға түсті, - делінген полиция хабарламасында.

Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде. Полиция істің толық мән-жайын анықтап жатыр.