Астанада көпқабатты тұрғын үйден бала құлап кетті, деп хабарлайды Paryz.kz.
6 жастағы бала 9-қабаттан құлап, екінші қабаттың күнқағарына түскен.
Куәгердің айтуынша оны екінші қабатта бір әйел құлап кетпеуі үшін қолынан ұстап тұрған. Ал үш жігіт пәтерге қарай жүгірген.
Олардың бірі күнқағарға көтеріліп, баланы терезеден ішке кіргізген. Бала үйіне кіргенде есін жиып, жылай бастаған.
"2019 жылғы бала жедел жәрдем желісі арқылы 2-ші көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Баланың дене жарақаттары көп, жағдайы ауыр", - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.