25 шілде күні сағат 10:45-те «Алматы – Бішкек» тас жолында, Сарыбастау ауылының маңында (Жамбыл ауданы) жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Қазавтожол» тракторымен Toyota Alphard көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Paryz.kz.
Көлікте алты адам болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көліктің барлық 5 жолаушысы мен бір жұмысшы қаза тапты.
Toyota жүргізушісі түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді.