Қостанайда төсекте жатып темекі шеккен ер адам өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды Paryz.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қостанай қаласының Маяковский көшесінде тұрғын үйдегі пәтерден өрт шықты. Матрас пен жастық жанған. Бұған төсекке жатып шылым шегу себеп болған», - деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылар тез арада түтін басқан пәтерге кіріп, 1988 жылы туған ер адамды эвакуациялады. Өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ ескерту жасады: алкогольдік мас күйінде шылым шекпеңіз; төсекте шылым шекпеңіз; сөндірілмеген темекіні қалдырмаңыз.