Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Павлодарда автокөлік ұрлап бара жатқан ер адам көз жұмды

Павлодарда көлік ұрысы басқа көлікпен соқтығысқаннан кейін көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Павлодарда автокөлік ұрлап бара жатқан ер адам көз жұмды
фото: видеодан скриншот

Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше көлік ұрлығы және жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«13 шілдеде ер адам Mercedes автокөлігін айдап кетіп, Ломов көшесі мен Н.Назарбаев даңғылының қиылысында LADA Granta және Hyundai Tucson көліктерімен соқтығысқан. Салдарынан көлік ұрысы оқиға орнында көз жұмды», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.