Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Жан дауысы шыққан»: Қостанайда оқушы қыздар ұйықтап жатқан құрбысының бетін күйдірді

Қостанай облысында кәмелетке толмаған екі қыз металл қалақты қыздырып, ұйықтап жатқан танысының бетіне басқан, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Жан дауысы шыққан»: Қостанайда оқушы қыздар ұйықтап жатқан құрбысының бетін күйдірді
Фото: ЖИ

2025 жылдың сәуір айында Лисаковск қаласында 2012 жылы туған кәмелетке толмаған екі қыз газ плитасында тамақ дайынждауға арналған металл қалақты қыздырып, ұйықтап жатқан Ч.-ның сол жақ бетін, оң аяғын және сол қолын қасақана күйдірген. Зардап шеккен қыз ауырсынудан жан дауысы шығып, айқайлаған.

Сот шешімі Сот отырысында қыздардың бірінің анасы – М. ата-аналық міндетін орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Ол өз кінәсін толық мойындап, өкінді. 

Сот қаулысымен оған 55 000 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.