Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Бір сағат бойы белбеумен ұрды»: танымал әншінің әйелі күйеуінен соққы жегенін айтты

Qurt лақап атымен танымал қазақстандық рэпер Дамир Қойшыбаевтың әйелі Аружан Қойшыбаева әлеуметтік желідегі парақшасында көгерген денесінің суреттерін жариялап, күйеуі оған зорлық-зомбылық көрсеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Бір сағат бойы белбеумен ұрды»: танымал әншінің әйелі күйеуінен соққы жегенін айтты
фото: видеодан скриншот

Оқиға 27 маусым күні болған.

«Бәрі таңғы сағат 10-да болды, ол мені бір сағат бойы белбеумен сабады. Белбеу үзіліп қалғанда басқа белбеумен ұрып-соқты. Мен пәтерден қашып шыға алмағандықтан, «көмектесіңдер, құтқарыңдар, мені өлтіріп жатыр» деп айғайлай бастадым. Даусымды естіген көршілер мені құтқарып қалды. Мен оны қатты жақсы көргендіктен бұл жағдай туралы айтуға қорықтым. Бірақ ол өз іс-әрекетіне еш өкінген жоқ. Денедегі жарақаттың барлығы тіркелді, ертең арыз жазамын. Ол достарымен келіп, мені видеоға түсіріп, «менің оған еш шағымым жоқ» деп айтуға мәжбүрледі. Кейбір достары маған қоқан-лоқы көрсетіп жатыр. Мен не істерімді білмеймін», - деп жазған рэпердің жұбайы. 

Қазір Аружан күйеуі елден қашып, жауапкершіліктен құтылып кете ме деп қорқады. Жәбірленуші адвокаттардан көмек сұраған. Редакция осы фактіге қатысты Алматы қаласының полиция департаментінен түсініктеме сұратты.