Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматыда мопед ұрлаған күдікті полицейді жолда сүйреді

Әлеуметтік желіде полиция қызметкерінің мопед ұрлаған ұрыны тоқтатқаны көрсетілген видео тарады, деп хабарлайды paryz.kz.

Алматыда мопед ұрлаған күдікті полицейді жолда сүйреді
фото: видеодан скриншот

Полиция департаменті дерегінше, күндізгі уақытта 102-ге Төле би даңғылы бойындағы аулада тұрған мопедтің ұрланғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Мотоцикл дулығасын киген екі адам оңтайлы сәтті пайдаланып, ұрлық жасаған. Жақын маңдағы аумақты жедел тексеру барысында Алмалы аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Елдар Тоқташев күдіктілерді байқаған.

Жолда көлік көп болғандықтан, полиция қызметкері қылмыскерлерді жаяу аңди бастады. Бірнеше рет тоқтауды талап еткеніне қарамастан, күдіктілердің бірі қашуға әрекеттеніп, нәтижесінде полиция қызметкерін бірнеше метрге сүйреп, басқа жол қозғалысына қатысушымен соқтығысқан.

«Алған жарақатына қарамастан, полиция қызметкері батылдық танытып, күдіктіні ұстады. Кейіннен оның қаладағы мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы бар екендігі белгілі болды», - деп хабарлады департаментте.

Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол қамауға алынды.