Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

ОҚИҒА бүгін, 20.11.2025 17:02 Обновлять, 21.11.2025 15:59

Қырғызстанда жер сілкінді

Қазақстандық ұлттық деректер орталығының мәліметінше, зілзаланың магнитудасы 4,2 баллды құрады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қырғызстанда жер сілкінді
Фото: istockphoto.com

Жер сілкінісі 26 маусым күні Астана уақыты бойынша 06:48-де Қырғызстан аумағында тіркелді.

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының ақпаратына сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Қытайдың Тумшук қаласынан батыс-солтүстік-батысқа қарай 215 шақырым және Қырғызстанның Нарын қаласынан шығысқа қарай 104 шақырым жерде орналасқан.

"Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Джаны-Джер жотасында, Нарын қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 96 шақырым жерде орналасқан", – делінген Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институтының хабарламасында.