Прямая трансляция

Астана

Астана

12.63°C

Атырауда ер адам никаб киген қызды соққыға жықты

Атырау қаласы Береке шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде ер адам никаб киген қызды соққыға жыққан, деп хабарлайды Paryz.kz Nege.kz-ке сілтеме жасап.

Атырауда ер адам никаб киген қызды соққыға жықты
фото: видеодан скриншот

Ер адамның әйелді ұрып жатқан сәті тұрғын үйдің кіреберісіне орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Видеодан ер адамның әйелді бірнеше рет ұрып, басынан тепкенін көруге болады.

Әйел соққыдан құлап қалса да, ер адам оны ұрып-соғып, ештеңе болмағандай кетіп қалған.

Полиция департаменті бұл жағдай бойынша әзірге түсініктеме берген жоқ.