Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Шығыс Қазақстанда жас жігітті құтқармақ болған екі адам суға кетті

Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданында суға батып кеткен екі адамның денесі табылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Шығыс Қазақстанда жас жігітті құтқармақ болған екі адам суға кетті
фото: әлеуметтік желіден

"Қара Ертіс өзеніндегі Боран ауылынан 5 шақырым жерде 18 жастағы жігіт суға батып кетті, оған 34 және 33 жастағы екі адам көмекке жүгірді, бірақ ағымды жеңе алмай суға батып кетті", - делінген хабарламада.

Құтқарушылар екі адамның денесін тапты, үшіншісі іздестіріліп жатыр. Іздеуге барлығы 176 адам, 15 жүзу құралы мен су астындағы дрон тартылды.