Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

Атырауда мектеп бухгалтері 50 млн теңге жымқырған

Атырау қаласындағы сот лицей-мектептің бухгалтерін аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп таныды. Ол 49 миллион теңгеден астам ақшаны иемденген, деп хабарлайды Paryz.kz 

Атырауда мектеп бухгалтері 50 млн теңге жымқырған
Фото: istockphoto.com

2023 жылғы маусым айынан 2024 жылғы қазан айына дейін әйел директордың сеніміне кіріп, оның электронды қолтаңбасын және «1С» пен «Парус» бухгалтерлік бағдарламаларын заңсыз пайдаланған. Осы арқылы ол ақшаны өз шотына және сенімді тұлғаларының шоттарына аударып отырған. Сот бұл әрекеттердің бәрі мұқият жоспарланғанын анықтады. Әйел өзінің кінәсін толық мойындады. Басқа дәлелдер ретінде куәгерлердің айғақтары, құжаттар мен қаржылық аудит нәтижелері ұсынылды.

«Сот айыпталушының кәмелетке толмаған балалары барын және оның шын жүректен өкінгенін ескерді. Ауырлататын мән-жайлар болған жоқ», — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. 

Сот бухгалтерді бес жылға бас бостандығынан айырып, қаржымен байланысты қызметтерде жұмыс істеу құқығынан тағы бес жылға айырды. Алайда, кәмелетке толмаған балалары бар болғандықтан, жазаны өтеу бес жылға шегерілді.