Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

Бурабайда төрт адамды автокөлік қағып кетті

Бурабай кентінде жаяу жүргіншілер қатысқан ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Бурабайда төрт адамды автокөлік қағып кетті
Фото: istockphoto.com

Алдын ала мәліметтер бойынша, LADA маркалы автокөліктің жүргізушісі «Айнакөл» қонақ үйінен айналма жолға қарай бағыт алып келе жатып, жолдың оң жақ шетімен бір бағытта қозғалып бара жатқан төрт жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Қайғылы оқиға салдарынан: бір адам жансақтау бөлімінде көз жұмды, екеуі әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, бір зардап шеккен адам жеңіл жарақат алған, ауруханаға жатқызуды қажет етпейді.

Аталған оқиға бойынша тергеу жүргізілуде, барлық мән-жайлар анықталуда.