Прямая трансляция

Астана

Астана

23°C

Алматыда Lexus жүк көлігінің астына кіріп кетті

Алматыда ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар тарады. Видеокадрларға қарағанда, Lexus маркалы автокөліктің алдыңғы бөлігі мен шатыры түгелдей дерлік зақымданған, деп жазады Paryz.kz.

Алматыда Lexus жүк көлігінің астына кіріп кетті
фото: видеодан скриншот

"Бұл жол-көлік оқиғасы кеше сағат 21:40-та Алматы қаласының Алатау ауданында орын алды. Lexus маркалы автокөліктің жүргізушісі Саин даңғылы бойымен солтүстік бағытта қозғалып келе жатып, арақашықтықты сақтамағандықтан, бұрылыс жасап жатқан Mercedes маркалы автобетононасоспен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде Lexus көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарын алды", – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Апат салдарынан Lexus көлігіндегі үш адам зардап шеккені хабарланды.