Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

Түркістан облысында 16 жастағы қызды зорлап, өлтіріп кеткен

Түркістан облысына қарасты Төрткүл ауылында колледжде оқыған студент қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат порталы Отырар телеарнасына сілтеме жасап.

Түркістан облысында 16 жастағы қызды зорлап, өлтіріп кеткен
Фото: Pixabay

6 маусымда таңы сағат жетіде қыздың мәйіті табылған. Дереу ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу жұмыстары Түркістан облысы Полиция департаментінің қатаң назарында.