«Темірқазық — ой» газетінің бас редакторы Анаркүл Амангелдіқызы жол апатына ұшырады, деп хабарлады Paryz.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жөнінде ол әлеуметтік желіде жазып, бағалы заттары мен көп ақшасынан айырылып қалғаны туралы айтты.
«Бес күн бұрын жол апатына түстім. Жанымыздың амандығын ойлаудан артыққа мұрша болмай, ес жоғалып, бірнеше жанның амандығы үшін алаңдап, уайымдап, әлек болдық. Сол сәтте жолдағы өзге тоқтаған көліктердегі ме, басқа ма білмедім сөмкем мен қалтамды тонап барлық ақша мен алтынды үптеп кетіпті. Не деуге болады? Адамгершіліктен аттаған дейін бе, имансыздар дейін бе? Жүректеріне қараңғылықты қалай сидырып жүр екен?
Қанға боялған ақшаны қорықпай қалай алды екен? Қалай жаратып жүр екен? Құдайынан осыншама безінуге бола ма? Адамдар арпалысып біреудің өміріне араша болып жатқанда Ардан аттағандар да арамызда бар екен…Бұны жазбас та едім, бірақ, “ашынғаннан шығады ащы даусым”. Осындай әрекетке барарда ойлансаңдар екен? Бәлкім, ол жерде өліп кетуім де мүмкін еді? Бірақ, жақсы адамдар да бар. Дереу жеткен 102 мен 103 жедел жәрдем қызметкерлеріне алғыс... Соңғы ақшам да шығар? Бәлкім, біреуге беруге тиіс шығармын? Бірақ, алтынды көрген періште жолдан тайды. Бұйырсын. Аз ақша болмаған соң, сол күні біреу осы ақшаны күтіп те отырды. Амал не? Бастысы, басымыз аман. Ақшаның бір мәнісі болар, иә?Адам деген атқа лайық болайықшы», - деп жазды журналист.