Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

Үш оқушы көз жұмды: Алматы облысында қайғылы жағдай болды

Алматы облысының Іле ауданында жол апаты болып, салдарынан үш оқушы қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Үш оқушы көз жұмды: Алматы облысында қайғылы жағдай болды
Фото: istockphoto.com

Алдын ала мәлімет бойынша, мектеп оқушыларының бірі ата-анасының көлігін рұқсатсыз мініп, үш досын өзімен бірге көлікке отырғызып ала кеткен.

Алматы облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты 27 мамыр күні таңғы сағат 04:20 шамасында Төңкеріс – Байсерке – Қараой тас жолында болған. Mitsubishi Galant маркалы автокөлікті кәмелетке толмаған жасөспірім басқарған. Ол рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында көлікті жүргізген оқушы мен оның жанында болған достарының бірі көз жұмды. Ал екі оқушы ауруханаға жеткізілгенімен, олардың бірі ауруханада қайтыс болды, – деп хабарлады полиция.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда.

«Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Барлық мән-жайлар анықталғаннан кейін заңды өкілдерге қатысты шара қолданылатын болады», – деп толықтырды ведомство.