Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Алматыда қыз алып қашқандар жол апатына түсті: Қалыңдық оқиға орнында көз жұмды

Алматы облысында қыз алып қашқан көлік жол апатына түсті, қыз көз жұмды. Ақпаратты облыстық полиция департаменті таратты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда қыз алып қашқандар жол апатына түсті: Қалыңдық оқиға орнында көз жұмды
фото: massaget

Қайғылы оқиға 24 мамырда сағат 18:00 шамасында БАКАД автожолының 36 шақырымында болған.

"Kia көлігінің жүргізушісі Mercedes-Benz көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Mercedes-Benz аударылып, ішіндегі бір жолаушы қайтыс болды, жүргізуші және әртүрлі жарақатын алған тағы екі жолаушы ауруханаға жатқызылды", - дейді облыстық полиция департаменті. 

Ведомство қайтыс болған қыздың қалыңдық екенін растап отыр. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Кінәлі жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда", - дейді полиция.