Прямая трансляция

Астана

Астана

33.08°C

Алматыда ер адам түнде зейнеткердің үйіне түсіп, ақшасын тартып алып кеткен

Алматыда полиция егде жастағы әйелді тонаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда ер адам түнде зейнеткердің үйіне түсіп, ақшасын тартып алып кеткен
фото: видеодан скриншот

39 жастағы ер адам түнгі уақытта қарт әйелдің пәтеріне заңсыз кіріп, оның осал жағдайын пайдаланып, ашық түрде ақшасын тартып алған.

— Біздің бөлімше қызметкерлерінің жедел және сауатты әрекетінің арқасында күдікті анықталды және ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, - деді Жетісу аудандық полиция басқармасының басшысы Жәнібек Шынасылов.

Полиция азаматтарды жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға, қырағы болуға және қандай да бір қауіп төнген кезде полицияға хабарласуға шақырады.