Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Ауыл мектебінде оқушы пышақ жарақатын алды

Солтүстік Қазақстан облысының Ақжан ауылындағы мектепте жасөспірім пышақталды, деп хабарлайды paryz.kz.

Ауыл мектебінде оқушы пышақ жарақатын алды
фото: iStock/Motortion

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жараланған оқушы облыстық ауруханаға жатқызылған. Ол қазір хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр, жарасы тігілген.

СҚО полиция департаменті күдіктінің анықталғанын, оның да кәмелеттік жасқа толмағанын хабарлады.

Қажетті тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін ол ата-анасының кепілдігімен босатылды. Қазір күдіктінің жасы ескеріліп, оның ата-анасы жауапқа тартылып жатыр, – делінген хабарламада. 

Жасөспірім профилактикалық есепке алынып, құжаттары кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жіберіледі.