Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Атырауда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кетті

Атырауда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып құлатты. Ол түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды paryz.kz.

Атырауда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кетті
Фото: Halyq Uni

Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 30 қыркүйекте болған.

«Кешкі сағат 18:40 шамасында Toyota Corolla автокөлігінің жүргізушісі Атырау қаласындағы Сәтпаев-Ерниязов көшелерінің қиылысында патрульдік полиция батальонының қызметкерін қағып құлатқан. Сол сәтте полиция қызметкері жол қозғалысын реттеп тұрған. Түрлі дене жарақатын алған ол облыстық ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты тиісті іс-құжаттар жинақталды.

«Сараптамалар қорытындысына сәйкес, ол шешім қабылдау үшін сотқа жолданатын болады. Жол-көлік оқиғасына себепкер болған көлік жүргізушісі көзі күнге шағылысқандықтан патрульдік полиция қызметкерін көрмей қалғанын айтады. Бірақ бұл жауапкершіліктен құтқармайды», - деп мәлім етті баспасөз қызметінен.