Алматының Алмалы ауданында жасөспірім қыздар биіктіктен құлап, қаза болған еді. Білім басқармасы істің мән-жайын зерделеу жөніндегі комиссия құрылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Айта кетейік, бұл факт бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Кейінірек Білім басқармасы арнайы комиссия құрылғандығы туралы хабарлады.
«Алматы қаласының білім басқармасы тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарта отырып, істің барлық мән–жайын зерделеу жөніндегі комиссия құрылғанын хабарлайды», - делінген ведомствоның хабарламасында.