Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

ОҚИҒА бүгін, 05.12.2025 11:28 Обновлять, 06.12.2025 15:41

Павлодарда антисептик ішкен бойжеткен уланып өлді

Ол қиын жағдайға тап болған балаларға көмек беретін аймақтық орталықта тәрбиеленіп жатқан болатын.

Павлодарда антисептик ішкен бойжеткен уланып өлді
фото: ашық дереккөз

Павлодарда 17 жастағы қыз антисептиктен уланып, қаза тапты, деп хабарлады paryz.kz, Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Ол қиын жағдайға тап болған балаларға көмек беретін аймақтық орталықта тәрбиеленіп жатқан болатын. Сондай-ақ, тағы екі құрбысы ауруханаға жеткізілді. Олар өздерінің антисептик ішкендерін айтқан.

Полиция мән-жайды тексеріп жатыр.