Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

ОҚИҒА бүгін, 05.12.2025 11:28 Обновлять, 06.12.2025 23:03

Өскеменде 14 жастағы бала терезеден құлап кетті

14 жастағы бала көп қабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кетті. Оқиға Назарбаев даңғылында болған, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат портал Altaynews.kz порталына сілтеме жасап.

Өскеменде 14 жастағы бала терезеден құлап кетті
Фото: pixabay

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, зардап шеккен жеткіншекті жедел жәрдем "Ана мен бала орталығына" жеткізген.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың жарақаты ауыр. Қазір ол жансақтау бөлімінде.

Полиция әзірше бұл жағдайға қатысты ақпарат бермеді.