Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

Алматы облысында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

Алматы облысында жиналып, жаппай төбелес шығарған жасөспірімдер жауапқа тартылды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Алматы облысында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Оқушылардың топтасып жаға жыртысып жатқан видеосы әлеуметтік желілерде тарауда.

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Іле ауданы Жапек батыр ауылында болған. Төбелескен – жергілікті мектептің оқушылары. Тексеру барысында анықталғандай, 29 қараша күні 2008 жылы туған 9-сынып оқушысы мен 2007 жылы туған 10-сынып оқушысы арасында келіспеушілік туындап, соңы ұйымдасқан жиынға айналған.

«Аталған дерек бойынша бұзақылық әрекеттер жасаған оқушылар әкімшілік жауапқа тартылды. Кәмелетке толмағандардың барлық ата-аналарына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы (кәмелетке толмағанды тәрбиелеу, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша әкімшілік материалдар жиналды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың өздеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабымен (кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық) хаттама толтырылды», – деп хабарлады полицияда.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Психологтар оқиғаға қатысушылармен профилактикалық тәрбие жұмыстарын жүргізді.