Павлодарда үшем дүниеге келді. 33 жастағы Мадина Қазенова Аят, Иса және Алан есімді үш ұлды дүниеге әкелді, деп хабарлайды paryz.kz.
Екі нәрестенің салмағы 2 келіден асса, кенжесі (1,5 келі). Қазір сәбилердің бірі перинаталдық орталықта дәрігерлердің бақылауында. Ал анасы қалған екі ұлымен бірге үйіне шығарылды.
Қазеновтер отбасы «Аңсаған сәби» бағдарламасының қатысушылары. Бағдарлама іске асқан 5 жыл ішінде Павлодар облысында 464 сәби дүниеге келген.