Прямая трансляция

Астана

Астана

24.78°C

Кәсіпкер 33 жыл жылқы баққан Рахат Сәрсеновке баспана сыйлады

Ақтөбеде жергілікті кәсіпкер 33 жыл жылқы баққан Рахат Сәрсеновтің отбасына баспана сыйлады, деп хабарлайды paryz.kz.

Кәсіпкер 33 жыл жылқы баққан Рахат Сәрсеновке баспана сыйлады
Фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Жұмысымнан көрмеген жақсылықты халықтан көрдім», – деген Рахат Сәрсенов көзіне жас алған.

Сондай-ақ жазба авторы қиын сәтте қолдау көрсеткен кәсіпкерге және қолдау білдірген қазақстандықтарға алғысын жеткізді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта іске қатысты заңгерлік жұмыстар басталып, қажетті арыздар дайындалған. Құқықтық тұрғыда күрес жалғасып жатыр.

Журналист бұл істің соңына дейін бақылауда болатынын және барлық тараптың пікірін өзінің YouTube арнасында жариялайтынын мәлімдеді.