Танымал блогер Камила әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты ашық сыр бөлісіп, соңғы уақытта қатты шаршағанын айтты, деп хабарлайды paryz.kz.
Оның сөзінше, күнделікті күйбең тіршілік пен бала күтімі өзіне демалуға мүмкіндік бермей жүр.
Блогер тіпті түнде де тыныш ұйықтай алмайтынын, сондықтан түрлі кездесулер мен басқосулардан бас тартуға мәжбүр екенін жеткізді.
«Менің миыма тыныштық жоқ. Түнде ұйықтамаймын. Ешқайда шақырмаңыздаршы. Қазір кездесулерге де, отырыстарға да барғым келмейді. Энергиям да, уақытым да жоқ. Бала екі күн ұйықтамай қойса, әбден титықтатады. Баламен толыққанды айналысайын десең, үйдің шаруасы бітпейді», – деді ол.
Желі қолданушылары блогердің жазбасына пікір қалдырып, оған қолдау білдіріп, өз денсаулығына көңіл бөліп, көбірек демалуға кеңес берді.