Алаштанушы ғалым Сұлтан Хан Аққұлы Adal ADAM YouTube арнасына берген сұхбатында Әлихан Бөкейхан атындағы масон ұйымынан өзіне ресми түрде шақыру келгенін айтты, деп хабарлайды paryz.kz.
«Бас хатшысы маған келіп, ресми түрде шақырды. Ұйым мүше бол деді. Мені босқа былғамаңдар дедім. Құрамына кірген жоқпын. Кітабын сыйлап кетті. Бір-екі рет ашып қарадым, одан кейін бетін ашпадым. Өйткені маған қазіргі масондардың кітабы қызық емес. Бұларға қауіпсіздік органдары назар аударуы керек пе, жоқ па білмеймін. Саяси билікке зияны болмағасын тиіспей жатқан шығар», - деді ол.
Сонымен қатар сұхбатта алаштанушы ғалым Әлихан Бөкейханның, Нұрсұлтан Назарбаевтың масон ұйымдарына байланысы туралы айтты.