Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Арқамнан қақпадың, сүйеніш болмадың...»: Тұңғышбай Жаманқұлов Әшімовті өкпеге қиса да, өлімге қимайтынын айтты

Қазақстанның Халық әртісі, актер, режиссер Тұңғышбай Жаманқұлов күні кеше өмірден озған өнердегі ағасы, кино және театр актері, режиссер, Қазақ КСР халық әртісі Асанәлі Әшімовті жоқтап жазба қалдырды, деп жазады Paryz.kz.

«Арқамнан қақпадың, сүйеніш болмадың...»: Тұңғышбай Жаманқұлов Әшімовті өкпеге қиса да, өлімге қимайтынын айтты
Фото: sadaq.kz

«Асқар тауымыз едің - аласармадың... Аспанға кеттің... Мәдиіңді ойлап мұң байладың... Сағиыңды сағынып сал шекпен жамылдың... Қатарыңнан жалғыз едің - соңдарынан кеттің... Қатарымнан жалғызбын - арттарында қалдым.... Ағалық жасап арқамнан қақпадың - әлжуаздықтан сақтадың... Көкем болып, көңілімді өсірмедің - кішілігім кем боп жақпадым... Жерлес ретінде жығылғанымда жебемедің - өз күшіме сендірдің... Сүйеніш болмадың - жансірілікке үйреттің... Тірегім болмадың - табаным таймастай тағаладың... Белімді бумадың - бекемдікке баулыдың... Алдымда жүріп, адымымды ұзарттың... Соңыңда қалдырмадың - ізіңде жүргенімді сездің... Қатарымды тептің... Тізеңді батырдың - Мен кештім... Биіктігіңе парапар, пенделігіңді көрдім - Өзің де кеш... Өкпеге қисам да, өлімге қимадым... Сарыуайым - Сағынышқа айналдың... Қош... Бақұл бол...», - деп жазды ол.

Тұңғышбай Жаманқұловтың бұл жазбасын азаматтыққа балам, үлгі алуға шақырды.

«Өмір осындай қайшылығымен - өмір! Бірінен бірі еш кем емес өнердің екі алыбы айтысты, тартысты. Одан өнер өрге баспаса, ақсаған жоқ! Мен екі ағамызды да жақсы көрдім. Екеуіне де тамсандым. Екеуімен де мақтандым… Тұңғышбай көкем, міне, азаматтық танытып, аға аруағы алдында кешірім сұрапты. Бұл - бізге ҮЛГІ боларлық қасиет!», - деді ол.