Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Қоғам бүгін, 09.07.2030 09:55 Обновлять, 27.11.2025 15:20

«Жылап, ұрмауын сұраған»: Талдықорғанда әйелін атымен сүйреп өлтірген ер адамның соты өтті

Талдықорған қаласының Ақсу ауданына қарасты Баласаз ауылында Айзат Жұманованы азаптап өлтірген күйеуі Айбар Жанболатқа қатысты алғашқы сот отырысы өтті, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Жылап, ұрмауын сұраған»: Талдықорғанда әйелін атымен сүйреп өлтірген ер адамның соты өтті
Коллаж: Azattyq Ruhy

Сот отырысында прокурор күдікті 99-баптың 1-бөлігі бойынша айыпталып отырғанын жеткізді.

«Айбар Жанболат Айзат Жұманованың өзге адаммен телефонмен сөйлескенін есіне түсіріп қызғанып, оны өлтіру жайлы арам ойын жүзеге асырмақ болған. 22 маусымда масаң күйде спортпен шұғылданғанын пайдаланған Айбар қасқана ойын жүзеге асыру үшін әйелі Айзатты Баласаз ауылында ұрып-соғады. Әйелі жылап, ұрмауын сұраған. Алайда күдікті оған қарамай бас тұсынан ұрып, есінен тандырған. Есінен танып қалған әйелін одан әрі ұра берген. Жедел жәрдем шақырмай, ол түнгі 2:30-да ғана Талдықорған ауруханасына жеткізген. Айзат Жұманова жансақтау бөлімінде көз жұмды», - дейді прокурор Нұрлан Билібеков.

Алдын ала отырыста келесі сот отырысы 5 желтоқсанда болатыны белгілі болды.