Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев желіде тараған өзіне қатысты қауесетке жауап берді, деп хабарлайды paryz.kz.
Желіде мәжілісмен Темір Қырықбаев пен Түркістан мәслихатының депутаты Нұрайым Шақимергеннің "махаббаты" туралы видео тарап, қызу талқыланған болатын.
Қырықбаев мәслихат депутатынан баласы бар екенін мойындады, бірақ "тоқалын" орнына отырғызып кетті деген әңгіменің қисынға келмейтінін атап өтті.
"Балам емес деп еш жерде айтқан жоқпын, ол менің ұлым екенін жасырмаймын. Ал мәслихаттағы орнын сол кісіге тастап кетті деген әңгіме адамның миына сиятын нәрсе емес. Оны халық сайлаған. Оған менің ешқандай қатысым жоқ", - деді Темір Қырықбаев.