Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Ажырасып кетсек те ақша беріп тұрдым»: Дариға Бадықова бұрынғы күйеуінің әрекетіне налыды

Танымал актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтың сұхбаты әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлады Paryz.kz Мadeniportal.kz-ке сілтеме жасап.

«Ажырасып кетсек те ақша беріп тұрдым»: Дариға Бадықова бұрынғы күйеуінің әрекетіне налыды
фото: әлеуметтік желіден

Актриса бұрынғы күйеуінің сұбат барысында өтірік айтып отырғанын айтып күйінді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Менің өз шындығым бар. Өтірік бақытты адамның кейпін танытқанмын. Елдің адамымын ғой деп көп нәрсені ашып айтпадым. Бекер жасаған екенмін. Өтірік менің күйеуім болғандай кейіп танытпасын. Өтірік әңгімелері мені шаршатқан. Еркек басымен «жертво» болып отыр. Мен ажырасып кеткелі біраз уақыт болды. Артысып, тартысып бір үйде жай тұрып жаттық. Толық айтамын бәрін. Киноға жасаған қастаңдығы. Мені қызғансаң да өнерімді тартып ала алмайсың. Бақытты болып өмір сұрмедік. Уылжып ажырасқандай болып отыр. Ажырасудың себебі көп болды. Өтірік өмір сүргенім ай...», - деді Бадықова.

Дариға Бадықова ажырасып кеткен уақыттан бері күйеуіне ақша беріп келгенін айтты.

«Кеткен әйел қашан да жаман .Өзім әйел еркек болудан шаршадым. Қырық өтірігін бөсіп отыр. Әлі істейтін ісі жоқ екен. Тамақ, киім қайдан келіп жатқанын білмейтін. Кетіп қалсам да ақша сұрап мазамды болған. Кейінгі кезде ақша бермей қойғанмын. Ажырасып кетсем де сау адамға ақша беріп тұрдым. Құрбыларым тоқтатты берме деп. Ақша бермей қойғасын шығарып отыр осы әңгімені», - деді продюсер Бадықова.