Өзін цифрлы психолог деп таныстыратын Гүлжан Ким есімді блогер Перизат Қайратқа талдау жасады. Ол Перизат Қайраттың туған күніне, өміріндегі сандарға қарап, тұлғалық қасиеттерін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат порталы Caravan.kz сілтеме жасап.
Психологтың сөзіне сенсек, Перизат Қайрат секілді адамдарға сенуге болмайды.
«Негізі Перизат өзі кармалық адам болып туылған. Бұның жаман кармалары өте көп. Бұл өмірге не үшін келді? Жаман іспен айналысу үшін емес, бұрын жасаған жаман, қиянаты істеріне жауап беру үшін келді. Бірақ, мұндай кармалық адамдар өздерінің кармасын тазалаудың орнына, одан сайын ушықтырып алады. Біреулердің көмек ретінде жіберген сондай қомақты ақшасын алып, былай да былай қыдырған. Бұл жерде не себеп? Біріншіден, 5 күні туылған. Бұл күні туылған адамдар ақшаны, байлықты өте қатты жақсы көреді. Ақша үшін бәріне барады. Бірақ, ол адамдар рухани жағынан дамымай, ақшаға баспен кететін болса, ешкімге жаны ашымай, ақшаны жаман жолмен тауып, өздерінің кармаларын ушықтыра береді. Одан кейін логикасында екі бестігі бар. Ондай адамдар ақылды, ақшаны қалай табуды біледі, аш қалмайды. Перизат түрмеден шыққанның өзінде де ол ақша табудың жолын біледі. Санында екі, үш бестігі бар адамдар кез келген тесіктен ақша жасауды біледі. Оның кармалық сандарында өткен өмірінде өзінің тегіне, халқына сатқындық жасағаны көрініп тұр. Ол өткен өмірінде жасаған күнәларын бұл өмірде жасамау керек еді. Бірақ ол қайтадан қайталады. Ауырып жатқан балалардың, су тасқынынан далада қалған адамдардың ақшасын жеген. Адам қиянат жасаған кезде ол сатқындық ретінде есептеледі. Ол барлық жерден пайда көретін адам. Еш жерде ештеңені тегін жасамайды. Зиянды заттарға тәуелділігі де болу мүмкін. Темекі шегетін шығар немесе алкогольді жиі ішкен шығар. Бұрынғы өмірде ол онсыз да түрмеде отырып шыққан. Осы өмірде қайтадан сол қателіктерді қайталап жатыр. Оның талдауында -1 шығып тұр. Ол — интрига, алдау, өсек, істі болу. Себебі, халықтың ақшасын жеген адам бәрібір алысқа бармайды», — дейді ол.
Сондай-ақ, ол Перизаттың жеке өмірінде де негативті жағдайлар көп болғанын айтты.
«Перизаттың тапсырмасында ол адамдарға көмектесу тұрды. Ол шынымен де адамдарға көмектесіп, өзінің жақсы атын шығарды да, өзі де пайдасын көріп алды. Себебі, Перизатта пайда көру коды көп. Пайда жоқ жерде жүрмейді. 224 деген сан да шығып тұр. Ол қандай сан? Ондай адамдарға сенуге болмайды. Кез келген уақытта «лақтырып» кете алады. Перизаттың тіл байлығы өте керемет. Сонымен қатар, Перизатта ұрпақтан ұрпаққа берілетін карма да бар. Сандарында 8 жоқ. Егер, 8 болса, біреудің бір тиынына да тиіспейтін еді. Ал, 8 жоқтар, мен мен деп қалғандар. 7 саны болғаннан кейін адамдар оған сенеді, жақсы көреді. Адамдарға тез ұнап қалады. Ең үлкен қателіктерінің бірі — иллюзиямен өмір сүрмеу керек еді. Жеке өмірінде де негативті оқиғалар көп болған. Ол қыздың жүрген жігіттері тастап кеткен, көзіне шөп салған, пайдаланып кеткен жағдайлар көп болған» , — дейді психолог.