Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

Астана әкімі LRT-ның нақты қашан іске қосылатынын айтты

Келесі жылы бірінші тоқсанның соңында жолаушылар LRT-ны пайдалана алады. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz 

Астана әкімі LRT-ның нақты қашан іске қосылатынын айтты
Фото: Астана әкімдігі

Биыл қыркүйек айына дейін LRT-ның барлық құрамы жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Сол кезде жаңа қоғамдық көлік қатынасын сынақтан өткізу жұмыстары басталады.

"Күні кеше ғана алғашқы екі құрам жеткізілді. Жаз аяқталғанша қалғаны жіберіледі. Қыркүйек айында біз техникалық іске қосуды жоспарлап отырмыз", - деді Қасымбек журналистерге берген сұхбатында. 

Оның айтуынша, сынақ 3-6 айға созылады.

"Осы жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады деп сенеміз. Әрі кеткенде қаңтар-ақпанға созылуы мүмкін. Дегенмен келесі жылы бірінші тоқсанның соңында жолаушылар осы қоғамдық көлікті пайдалана алады", - деп түйіндеді қала әкімі.