Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

Қазақстандықтардың жеке деректерін сатқан 140 адам ұсталды

Ішкі істер министрлігінің Киберқылмысқа қарсы күрес департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, қазақстандықтардың жеке мәліметтерін интернет кеңістігінде заңсыз сатқан қылмыстық топты әшкереледі, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қазақстандықтардың жеке деректерін сатқан 140 адам ұсталды
Фото: istockphoto.com

Мәліметтер мемлекеттік базалардан заңсыз алынған және Telegram-арналары арқылы таратылған, оның ішінде кейбір коллекторлық компанияларға да берілген.

«140-тан астам адам ұсталды, олардың қатарында компания иелері мен арна әкімшілері бар. Қазіргі уақытта бес күдікті қамауға алынды. Коллекторлық компанияларға жүргізілген тінту барысында 400-ден астам компьютерлік және басқа да электрондық техника тәркіленді», — деп хабарлады ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай. 

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 205-бабының 3-бөлігі — «Ақпаратқа заңсыз қол жеткізу», 147-бабының 5-бөлігі — «Жеке өмірге қолсұғушылық және жеке деректер туралы заңнаманы бұзу», сондай-ақ 211-бабының 3-бөлігі — «Шектеулі қолжетімділігі бар электрондық ресурстарды заңсыз тарату» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.