Танымал әнші Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын көргісі келетіндерге үндеу жасады, деп хабарлайды Paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.
Әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында өзі уәде еткендей онлайн тойға тіркелуге болатын сілтемені жүктеді. "Әділет пен Әдияның тойына онлайн қонақ болу үшін тіркеу басталды", – деп жазды Майғазиев.
Одан кейін ұйымдастырушылар қандай арнаға тіркелеу керегін егжей-тегжейлі түсіндірді.
“Майғазиевтер отбасында үлкен қуаныш. Әділет пен Әдияның үйлену тойының онлайн трансляциясы. Біз жабық Telegram арнасын аштық. Ол жерде тойдағы ең қызық әрі жарқын сәттерді тамашалауға болады. Осы ерекше күнді бізбен бірге атап өтетініңізге қуаныштымыз”, – деп жазды той ұйымдастырушылары.
Айта кетейік, онлайн тойдың бағасы да жарияланған. Қалтаңызда 1380 теңге болса тойға қатыса аласыз.