Контент-крейтор Әсия Жұман Мұхамеджан Тазабектің тойынан видео жариялады, — деп жазады Paryz.kz ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, күйеу жігітті Димаш Құдайберген деп топшылап жатқандардың қарасы көп екен.
«Димаш Құдайберген Мұхамеджан Тазабектің күйеу баласы болды деп инстаграм шулап жатыр екен. Бұл тойда болған адам ретінде шындықты айтып берейін. Танымал адамдардың көп шақырылғанымен емес, әр сәті ойластырылғанымен бұл той қызық өтті. Жанды музыка, безендіру, ән барлығы үйлесім тапты. Қыз да, жігіт те өте әдемі текті жерден шыққан. Сондай-ақ ол Димаш Құдайберген емес, Омар есімді жігіт. Той өте тамаша өтті», — деді ол.
Сонымен қатар, контент-крейтор «Қыз ұзатуда» тағы қандай ерекше, қызықты сәттер болғанын айтып өтті.
«Сонымен кім болды», «Неге осы адамдар лағып сөйлей береді, Димашты қоспаса болмай ма», «Димаш қарапайым адамның күйеу баласы болса екен», «Шындықты айтпадың, текті жерден шыққан дегенді қалай түсінеміз», — деп жазды желі қолданушылары.