Прямая трансляция

Астана

Астана

6.15°C

Абақтыда отырып, 100 шақты ән шығарып келдім - Мұрат Әбділда

Ұлтаралық алауыздық тудырды деп айыпталған Мұрат Әбділда бостандыққа шықты. Ол түрмеде ән жазғанын айтып берді, деп хабарлайды Paryz.kz Malim.kz-ке сілтеме жасап.

Абақтыда отырып, 100 шақты ән шығарып келдім - Мұрат Әбділда
фото: әлеуметтік желіден

Мұрат Әбділда абақтыдан шыға сала бірден туған ауылына барды.

"Маған қолдау білдірген барлық жандарға алғыс білдіремін. Екі жылда көп дүние өзгеріпті. Ауылым да өзгерген. Орталарыңызға оралдым. Еліміз тыныш болсын! Жол бойы далаға көз тастап келдім. Туған үйге жететін жер жоқ екен! Мен өз арқамда шыққам жоқ. Қаншама рет түзету мекемесінің есігін тоздырған адамдардың арқасында бостандықтың таңын көрдім. Абақтыда отырып, 100 шақты ән шығарып келдім. Өмірімді түгелімен шығармашылыққа арнаймын, – деді Turkistan TV арнасына берген сұхбатында. 

Еске сала кетсек, сот абақтыдағы блогер Мұрат Әбділданың бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны айыппұлға ауыстыру туралы арызын қанағаттандырмаған еді.

Осылайша 2022 жылы желіде әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық алауыздықты қоздырғаны үшін 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.