Прямая трансляция

Астана

Астана

-19.03°C

«Өліп қала ма деп диспансерге де апардық». Марқұм Арман Қайназаровтың әйелі сұхбат берді

Танымал композитор Арман Қайназаровтың отбасы жайлы осы уақытқа дейін еш жерде айтылмаған. Оның бала-шағасы жөнінде де көп мәлімет жоқ. Марқұм Арманның әйелі Алтын Табылдықызы «Қыздар-Ай» студиясында ашық сұхбат берді, деп хабарлайды Paryz.kz Massaget сайтына сілтеме жасап. 

«Өліп қала ма деп диспансерге де апардық». Марқұм Арман Қайназаровтың әйелі сұхбат берді
Фото: видеодан скриншот

«Арман емделген жоқ» деп ойлайсыз ба? Бүкіл емнің бәрін алды. Талғат досы да біледі. 30 жыл қасында болған адам да біледі. Қыстыгүні «Ол өліп қала ма?» деп диспансерге де салдық. Кәдімгі диспансер. Өйткені барлық емдеу орталығы адамды өз еркімен ғана қабылдайды. Еркінен тыс ұстай алмайды. Арман өзі кетіп қалатын. Бір ай бола ма, жеті ай бола ма, болды, тоқтайды. Әрі қарай ұстауға қақысы жоқ», - деді Алтын Табылдықызы.

Сонымен бірге марқұмның әйелі әлеуметтік желіде өзіне қатысты хейт бар екенін айтып, оларға жауап берді.

«Бұл бағдарламаға келетіндей жағдайда емес болдым, бірақ бүгін күшімді жинап, көпшіліктің аузын жаптыру үшін де келдім. «Ана қатыны қайда жүр?» деген әңгімені де естіп жатырсыз. Мен солай аузына келгенді айтатын адамдарға айтқым келеді: Менің кебісімді киіп көрген жоқ, менің өмірімді сүріп жүрген жоқ. Сондықтан аузына келгенді айтпасын. Арманды соңғы рет мамыр айында тағы да емдеу орталыңына апардық. Ол жерде үш апта болды. Кейбіреулер біледі, емделу процесі тәуелді адамдарға 1 жыл 2 ай болады. Сондай бағдарламаға өтуі керек болған. Бірақ ол соған қарсы болып, маған сол жерге апарғаныма өкпелеп, маған қарсы шықты», - деді ол.