Прямой эфир

Астана

Астана

17.97°C

Қоғам бүгін, 17.07.2024 07:44 Обновлять, 18.07.2024 10:07

«Жігіт түгіл күйеуге қарыз алып бермеу керек»: Мұхамеджан Тазабек қазақ қыздары мен еуропалық қыздарды салыстырды

Белгілі айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек еуропалық, славян халқының қыздары мен қазақ қыздарының өзгешеліктері мен ерекшеліктеріне тоқталды. Бұл туралы Paryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Жігіт түгіл күйеуге қарыз алып бермеу керек»: Мұхамеджан Тазабек қазақ қыздары мен еуропалық қыздарды салыстырды
фото: әлеуметтік желіден

Осы еуропалық, славян халқының қыздары мен қазақ қыздарын салыстырсаң қазақ қызының тәрбиесінде, үлкенді сыйлау, біреумен дос болсаң соған өміріңді арнау деген сияқты қағидалар бар. Бірақ маған ұнамайтын “жігітпен жүру” деген кезең бар. Сол кезде көп қыздар көп нәрсені, өткізіп жіберіп, тереңге кіріп кетеді. Соның ішінде жігітіне қарыз алып беріп, жан-жақтан іздеп, ақша тауып беріп жатады. Жігітке тұрмысқа шықпай жатып өзінің санасын шаршатып, жан дүниесін ауыртып, жігітпен бірге өмір сүріп жатқандай болады. Негізі қызға ондай жауапкершілік жүктелмеген. Қыз бала – әке-шешесінің еркесі. Ол бір жігітке ұзатылмас бұрын мойнында үлкен жауапкершілік болуы шарт емес. Сондықтан қыз бала өзіне көп алып, өзін шаршатып, сосын құтыла алмайтын тұзаққа басын сұғып, одан шыға алмай жүрудің еш қажеті жоқ. Еркек адамның нәпсісі бар. Қыз бала некесі қиылмай тұрып иіліп төсек, жайылып жастық болатын болса кез келген еркек оны пайдаланады. Оның артында жауапкершілік бар ма, жоқ па ол – үлкен мәселе”, – дейді Мұхамеджан Тазабек.

Ақын жариялаған бейнежазбаның астында желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі айтыскерді қолдап жатса, енді бірі жауапкершілікті қызға артып қоюды жөн санамайды.

“Өте дұрыс! Естір құлақ болса”, “Жігіт түгіл күйеуге қарыз ақша алып бермеу керек екен”, “Өте маңызды мәселені айттыңыз”, “Неге екі адамның қарым-қатынасында тек қызға ғана жауапкершілік артылу керек?”, “Қыз бен жігіт үйленгенге дейін жүріп бірін бірі тани білу керек”, “Ащы шындық”, – деп жазды желі қолданушылары.