Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

«Қаһарлы қаңтар»: Киностудия қаңтар оқиғасы туралы фильм түсіруге кірісті

«Алмамедиа» киностудиясы шығармашылық тобының жетекшісі, журналист Ұлан Шамшет «Қаһарлы Қаңтар» атты бейнефильм түсіретінін мәлімдеді деп хабарлайды Paryz.kzturkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

«Қаһарлы қаңтар»:  Киностудия қаңтар оқиғасы туралы фильм түсіруге кірісті
Сурет: Turkystan.kz

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Құрметті достар мен әріптестер! «Алмамедиа» киностудиясының шығармашылық тобы «ҚАҺАРЛЫ ҚАҢТАР» атты бейнефильмді  түсіруге кірісетінін хабарлайды. Біз Қаңтар көтерілісін еліміздің саяси даму тарихының жаңа сатысы деп қабылдаймыз. Біздің фильм осы қаңтар көтерілісінің саяси астарын толықтай суреттеп, қоғам назарынан тыс қалған фактілермен таныстырады деп үміттенеміз. Мемлекетіміздің қазіргі қоғамдық-саяси тарихы – біз және келер ұрпақ үшін өте маңызды. Сондықтан «ҚАҺАРЛЫ ҚАҢТАР» бейнефильмін  дайындауға, жүрегі елім деп соғатын азаматтарымыздың атсалысуын сұраймыз!» – деді ол.