Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

Жаңа министр журналистерден бір ай уақыт сұрады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған Тамара Дүйсенова Үкімет отырысынан кейін сұрақтарға толық жауап беру үшін журналистерден бір ай уақыт беруді сұрады, деп хабарлайды Paryz.kz, Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.  

Жаңа министр журналистерден бір ай уақыт сұрады

"Мен кеше ғана жұмысқа түстім. Сондықтан маған бір айдай уақыт беріңіздер. Содан кейін сіздердің алдарыңызға шығып, қажетті сұрақтарыңыздың бәріне жауап беруге даяр боламын", - деді Тамара Дүйсенова. Министр сөз соңында "әрдайым жұмыс істеп келе жатқанын" айтып өтті.

Еске сала кетсек, 2018 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаев сол тұста Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған Тамара Дүйсеноваға "сен шаршап қалдың ба?" деп, нақты тапсырмаларды орындауы керектігін ескерткен еді. Осыдан кейін Тамара Дүйсенова көп өтпей министр лауазымынан босатылған.