Фейсбукте белсенді қызылордалық журналист-редактор Нұрлыбек Саматұлы Парламент депутаттарына қазақ тілін үйрету үшін 27 миллион теңге бөлінгеніне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz, Alashainasy.kz-ке сілтеме жасап.
"Парламент депутаттарына қазақ тілін үйрету үшін 27 миллион теңге бөлінген дейді. Немене, сонда парламент тіл үйрететін оқу орны ма екен? Бұл не масқара? Егер үйрену керек болса, депутаттар өзінің қалтасынан төлесін.
Тіпті, мемлекеттік тілді білмейтін адамды парламентке неге жолатамыз? Депутат болғың келе ме, мемлекеттік қызметкер болғың келе ме, онда мемлекеттік тілді білу міндеттелуі тиіс", - деп жазды Нұрлыбек Саматұлы.