Прямой эфир

Астана

Астана

17.97°C

Қоғам бүгін, 17.07.2024 07:44 Обновлять, 18.07.2024 10:33

"Көліктің темір-терсектерін сататындарды да жазалау керек!" - Айгүл Орынбек

"Қазір көлік ұрлығына қатысы бар бизнесмен ағашкаларға шуды басқа арнаға бұрған тиімді болып тұр!"

"Көліктің темір-терсектерін сататындарды да жазалау керек!" - Айгүл Орынбек
фото: ашық дереккөз

Қоғам белсендісі Айгүл Орынбек көліктің темір-терсектерін сататындар туралы айтты деп хабарлайды Paryz.kz.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасына жазды. 

Екі өлім де көлікке қатысты, бірақ қоғамды басқа арнаға бұрып қажеті жоқ!

Бірінші суретте Қазақстанның жарқыраған жұлдызы Денис Тен көлік айналарын ұрлайтын ұрылардың қолынан қаза болды!

Қылмыскерлерге “неге пышақтадың?”, деп сұрағанда, “арқамыздан қуып жете алмасын“ деп аяғына пышақ ұрғанын, “Денис одан өліп қалады деп ойлаған жоқпыз “ деп жауап берген!

Сол кезде де “полиция қайда қарап отыр?” деп ойбайлағанбыз!

Ал екіншісі суретте Полиция департаментінде қайтыс болған жігіттің ұрланған көлік ішіндегі суреті екен. Бұл жігіт бұрын сотты болған, көлік ұрлықтарына қатысы бар деген күдікке ілінген. Полиция департаментінде өзін жайсыз сезініп қайтыс болған. Бұл жігітті ұрды деген айыппен қазір бұл іске қатысты полиция қызметкерлері қамауда отыр! 

Ұрған полиция қызметкерлерін бұл жерде жақтап отырған ешкім жоқ!

Істі Прокуратурамен бақылауда ұстап, шешімін Сот шығарады!

Көлік ұрлап, көліктің темір терсектерін сататындардың арты ашылып қалмас үшін қәзір көп адам жұмыс істеп жатыр! - дейді қоғам белсендісі.

Орынбектің айтуынша, адам өлтіргендер жазасын алуы керек. 

Ал көлік ұрлығына қатысы барлар сонда құтылып кету керек пе?

Көлігім ұрланды, полиция жұмыс істемейді бандиттермен бірге деп біз сияқты арыз жазатындар ше? Миллиондаған қаржыға немесе кредитке алғандар үндемей отыруымыз керек пе?

Қәзір көлік ұрлығына қатысы бар бизнесмен ағашкаларға шуды басқа арнаға бұрған тиімді болып тұр!

Бәрімізде көлік бар, көлік ұрлайтындардың қалтасында суық қару міндетті түрде жүреді!

Ертең сенің көлігіңді ұрлап, өзіңді атып немесе пышақтап кетпесіне кепілдік бересің бе?

Әрине ешкім кепілдік бере алмайды….

Қоғамда резонанс тудырған дүниелерге тереңнен үңіліп қарайтын уақыт жетті!

Біреуді қызметінен алып тастау оңай, ал жүйелеп алған топтық қылмыскерлердің бетін ашуға он жылдап уақыт кететінін ұмытпауымыз керек!

Бірінші сурет интернеттен алынды, екінші сурет Козачковтың телеграмм каналынан алынды!

А айтпақшы мені ешкім жалдаған жоқ сендер сияқты жалданбаймын!

Көкемнің көлігі ұрланған мен бұдан бұрын бұл тақырыпты көтеріп жүргем!

2015 ден бері жазылған мақалаларымда бар гуглдан тауып алып оқыңдар!" - деп жазды ол.